Маңғыстау облысында халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтті
Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай, Жаңаөзенде Jayynger жауынгерлік өнер фестивалін өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Шара аясында муай-тай, панкратион, кудо, ММА спорт түрлерінен Қазақстан, Азия және әлем чемпиондары арасында кездесулер ұйымдастырылды. Жалпы, фестиваль барысында 11 жекпе-жек өтті. Солардың ішінде ауыз толтырып айтарлығы, жартылай жеңіл салмақтағы файтер Нұржан «Бизон» Ақышев (7-1-0) әзірбайжандық Гадир Муслинзадені (4-1-0) Triangle әдісімен тізе бүктірсе, Рустам Мухатов та өз қарсыласын ауыр екеніне қарамастан, техникалық нокаутпен жер қаптырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или