Исмағұлов келесі жекпе-жегін жаңа келісімшарт бойынша өткізеді
Өткен сенбіде Дамир Исмағұлов қытайлық Шэньчжэнде өткен UFC Fight Night 157 турнирінің басты кездесуінде бой көрсеткен болатын. Prosports.kz сайтына берген сұқбатында файтердің менеджері Саят Абдрахманов турнирдің қорытындыларымен бөлісті, сондай-ақ Дамирдің болашағы туралы әңгімелеп берді.
- Мойзеске қарсы күресте Дамирде айтарлықтай ілгерілеушілік байқалып тұрды. Үзіліс оған пайдасын берді ме?
- Иә, аталмыш кездесу қазіргі уақытта Дамирдің UFC-дегі көрсеткен ең мықты жекпе-жегі деп айтса болады. Оның үстіне, American Top Team командасының мықты қарсыласымен айқасты. Әрбір жекпе-жек сайын Дамир шыңдала түседі әрі ірі ұйым алдындағы жауапкершілік басым болады. Жалпы алғанда, үзіліс оған өз пайдасын берді, өздеріңіз көргендей, жарқын көрініске айналды.
- Келісімшарт бойынша Дамирде UFC-де тағы бір жекпе-жек өткізеді. Жаңа келісімшарт туралы келіссөздер басталды ма және оған компания қаншалықты риза?
- Бұл кездесу Дамирдің UFC-дегі болашағы үшін өте маңызды. Әрине, біз бірден жаңа келісімшартқа қатысты келіссөздерді жібердік. Менің ойымша, UFC Дамирге келесі жекпе-жекті жаңа келісімшарт бойынша өткізуге мүмкіндік береді.
- Дамир жыл соңына дейін тағы бір рет өнер көрсетпек. Ол Мәскеудегі турнирге үлгере ме?
- Менің білуімше, мәскеулік турнир карды толып қалды, бірақ біз Дамирдің жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуін қарастырамыз.