Хабиб жаттығуын Абу-Дабиде жалғастырады
Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов америкалық Дастин Порьемен жекпе-жек алдында жаттығуын жалғастыру үшін Абу-Дабиге аттанады, деп жазады Prosports.kz.
30 жасар спортшы қазіргі кезде АҚШ-тағы дайындық кезеңін аяқтауға жақын.
Еске сала кетейік, Нурмагомедов 7 қыркүйек күні UFC 242 турнирінде чемпиондық атағын екінші рет қорғау үшін Дастин Порьемен айқасады.
Ресейлік спортшы 27 жекпе-жек өткізіп, жеңіліп көрмеген. Порье болса, 25 кездесуде жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или