«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Бейбарысқа» ауысты

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Бейбарысқа» ауысты

Шабуылшы Константин Савенков атыраулық «Бейбарысқа» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 жастағы хоккейші өткен маусымда көкшетаулық «Арланында» ойнады. Қазақстан тұрақты чемпионатында 48 матчқа қатысып, 33 (12+21) ұпай жинаған. Ал плей-офф кезеңінде 11 ойында 4 (1+3) ұпай жинаған.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі бұдан бөлек «Барыс», «Рубин», «Сарыарқа» және «Торпедо» командаларында өнер көрсеткен.

Сонымен қатар, шабуылшы 2012, 2013 және 2015 жылдары әлем чемпионаттарында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында бақ сынады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или