Бокс

Канадалық боксшы: Әлімханұлының жетістіктеріне түкіргенім бар

Канадалық боксшы: Әлімханұлының жетістіктеріне түкіргенім бар
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы канадалық Стюарт МакЛеллан жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инстаграмдағы парақшасында боксшы жаттығудан фотосурет жариялап, жазба қалдырды:

«Бүгін кеште мен Капетилло спорт залында жұптасып жаттықтым. Қонақжайлылық үшін рахмет. Келесі сенбі үлкен сахнадағы жекпе-жегім болады. Менің қарсыласым 300-ден астам әуесқой жекпе-жек өткізіп, Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен. Бірақ, оның жетістіктеріне түкіргенім бар. Жермен-жексен етемін. Бұл мен үшін қалыпты жағдай», - деді Стюарт.

Қазақстандық пен канадалық арасындағы жекпе-жек 18 тамыз күні таңертең (Нұр Сұлтан уақытымен) Лос-Анджелестегі Banc of California стадионында өтеді.

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындығы жайлы ой бөлісті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер