Бокс

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындығы туралы ой бөлісті

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындығы туралы ой бөлісті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) даңқты боксшы Фредди Роучтың залында өткізіп жатқан дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Екі спарринг Роучтың залында өтті. Бұйыртса жұма күні тағы 1 спарринг жасаймыз. Дайындық қызу жүріп жатыр. Келесі апта жекпе-жек, - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы 17 тамыз күні Лос-Анджелесте шаршы алаңға шығады. Қарсыласы канадалық боксшы Стюард Макклелан (27-3-3, 11КО) болмақ.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 12 сәуірде Лос-Анджелес қаласында өткен жекпе-жегінде мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер