«Барыс» Қазанның бас клубын жеңді
Хоккейден Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан 2019 жылғы Президент кубогында жергілікті «Барыс» «Ақ Барсты» жеңді, деп хабарлайды, Prosports.kz.
Алғашқы кезеңде-ақ ойын тізгінін қолға ұстаған нұрсұлтандықтар 6-минутта есеп ашты. Шайба авторы – Михайлис. Араға 4 минут салып Фреттин есепті теңестіріп кеткен. Алайда матч соңына дейін 5 шайбаны қақпаға тоғытып үлгерген «Барыс» ірі есепке қол жеткізді.
«Барыс» - «Ақ Барс» - 6:1(3:1, 3:0, 0:0)
Шайба авторлары:
1:0 – Михайлис, 1:1 – Фреттин, 2:1 - Панюков, 3:1 – Хелука, 4:1 – Бойд, 5:1 – Диц, 6:1 - Муратов
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или