Волейболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді
Мьянмада 23 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан командасы топтық сындағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
<span>Топтағы үшінші ойында қазақстандықтар Сауд Арабиясымен кездесіп, 3:0 (25-20; 25-23; 25-22) есебімен жеңіске жетті. Қазақстан командасы сапында 13 ұпай жинаған Анас Жұмаділов пе 10 ұпай еншілеен Александр Сүлеймановтар үздік деп танылды. </span>
<span>Осылайша, біздің команда В тобында екінші орын алды. Бірінші орында Жапония, үшінші орында Вьетнам, төртінші сатыда Сауд Арабиясы орналасқан. </span>
<span> Келесі айналымда қазақстандықтар Жапония, Үндістан және Қытаймен бірге F тобында бақ сынайды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или