Деревянченконың бапкері: Сергей GGG-ді жеңетініне сенемін
Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың бапкері Андре Розье Головкинмен болатын жекпе-жекте өз шәкіртінің жеңетініне кәміл сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Андре Розье бұған дейін Кёртис Стивенс пен Дэниэл Джейкобсты Головкинге қарсы жекпе-жектерге дайындаған.
«GGG – жеңілмеген боксшы. «Канеломен» өткізген екі айқаста да Головкин жеңді деп санаймын. Ол соққысы жойқын боксшы, бірақ Сергей де мықты. Оның жеңетініне сенемін.
Сергей Головкин секілді көп қателік жібермейді. Ол бәріне тың көзбен қарайды. Бұл қасиеті Сергейге IBF тұжырымы бойынша жаңа әлем чемпионы болуына мүмкіндік береді деп ойлаймын», - дейді Розье Boxingscene.com-ға берген сұқбатында.
<span>Айта кетейік, Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йоркте IBF-тің орта салмақ санатында бос тұрған әлем чемпионы титулы үшін айқас өткізуі мүмкін. </span>