Мейірім Нұрсұлтанов үздік 10 боксшының қатарына қосылды

Мейірім Нұрсұлтанов үздік 10 боксшының қатарына қосылды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта дивизиондағы үздік боксшылардың рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл тізімде үздік 10 боксшының қатарына қос қазақстандық кірді. 

Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) орта салмақтағы боксшылардың алғашқы ондығына енді - ол 11-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді. Ал Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) үздік үштікті түйіндеп тұр. Бұл тізімде көшбасшы украиндық Сергей Деревянченко.

Айта кетерлігі, аталған ұйымның орта салмақтағы чемпиондық атағы үшін Сергей Деревянченко мен Геннадий Головкин жекпе-жек өткізуі мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или