«Барыс» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы мансабын аяқтады

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы мансабын аяқтады

ҚХЛ тарихындағы ең нәтижелі қорғаушы Кевин Даллмэн ойын мансабының аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz «Барыс» сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұл туралы астаналық команданың және Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Instagram парақшасында жариялады.

38 жасар Даллмэн КХЛ – да «Барыс» және СКА командаларында 620 ойын өткізген. Оның есебінде 182 шайба және 289 рет шайбаны нәтижелі берген. ҚХЛ-да өткен алғашқы маусымда (2008/2009) Даллмэн атақты Вячеслав Фетисовтың жетістігінен асып, тұрақты чемпионатта (58) жинаған ұпай саны бойынша қорғаушылар үшін рекорд орнатты. Даллмэн - КХЛ-дың «Жұлдыздар матчының» жеті дүркін қатысушысы. 2013-ші жылы Лига Кевинге "Жыл джентльмені" сыйлығын берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или