Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі

Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов қазақстандық спортшылар арасынан алғашқы болып UFC ұйымымен келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатынбыз.

<span>«Хабар 24» порталының хабарлауынша, қазір Шавкат Көкшетау қаласында дайындығын пысықтап жатыр.</span>

<span> UFC аясындағы алғашқы жекпе-жегі келісімшарт бойынша қараша-желтоқсан айларында өтуі тиіс. </span>

<span>- Әрине, мұндай ұйыммен келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. UFC-ге түскен алғашқы қазақстандық спортшы атандым. Енді өз жеңістеріммен жанкүйерлерді қуантсам деймін. Осы белеске шығу үшін алты жыл тынбай тер төктім. Уақыты келгенде UFC-ге өтетініме сендім. Бәрі жоспар бойынша келе жатыр, - дейді Шавкот Рахмонов.</span>

<span>Шавқат Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы қарсыласы турнирдің басталуына сегіз апта қалғанда белгілі болады. Оған дейін ол бапкерімен бірге АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отыр.</span>

Фото: Total.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или