Мария Агапова: Мықты болып ораламын

Мария Агапова: Мықты болып ораламын

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен өткен Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінде Мария Агапова жеңіліс құшты.

Октагонға жергілікті спортшы Трейси Кортеске қарсы шыққан Мария төрешілердің шешімімен ұтылып қалды. 30:26, 30:26, 29:27 есептері америкалықтың пайдасына жазылды.

Мария Агапова осы жеңілістен кейін UFC-мен келісімшарт жасау мүмкіндігінен айырылды. Спортшының өзі жеңілісін былай түсіндірді:

- Бүгін бірінші рет осындай үлкен аренада өнер көрсеттім. Жекпе-жектің алдында қатты уайымдадым. Психологиялық тұрғыдан қиын болды. Айқастың алдында бойымды үрей биледі. Шықтым. Үш раунд жұдырықтастым. Жақсы деңгейде, қызықты жекпе-жек көрсеттім. Бірақ бүгін Трейси менен мықты болды. Мүмкін ол осы жолда көп еңбектеніп, келісімшартқа лайықты болған шығар. Оған алдағы мансабында сәттілік тілеймін. Мүмкін маған тәжірибе жетпеген болар. Маған қолдау көрсетіп, осында үлкен жолға шығуыма қол үшін бергендерге алғысымды айтамын. Мен жас әрі дарындымын. Болашағым әлі алда. Мықты болып ораламын!, — деп жазды Мария Агапова Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше қазақстандық Шавкат Рахмонов бұл ұйыммен келісімшартқа отырған болатын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или