Тарих! Қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды

Тарих! Қазақстандық спортшы UFC-мен келісімшартқа отырды

Жартылай орта салмақта M-1 Global тұжырымының чемпионы Шавкат Рахмонов әлемдегі ең беделді ұйым UFC-мен келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұл туралы қазақстандық спортшының менеджері Саят Абдрахманов мәлім етті.

- Шавкат Рахмонов UFC-мен келісімшартқа қол қойып, ең үздік ММА ұйымымен келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Алғашқы жекпе-жек қараша айына жоспарланған. Шавкат UFC-дегі бірінші қазақстандық спортшы, бірақ соңғысы емес екеніне сенімдімін, - деп жазды Саят Абдрахманов өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов наурыз айында M-1 Global чемпиондық белбеуін иемденген болатын. Әзірге ол UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақстандық. Одан бөлек UFC-де үш жеңіске жеткен Ресейдің атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Дамир Исмағұлов бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или