Макгрегор күзде жекпе-жек өткізуі мүмкін

Макгрегор күзде жекпе-жек өткізуі мүмкін

<span>Әлемнің ең беделді ұйымы UFC-дің президенті Дэйна Уайт ирланиядық спортшы Конор Макгрегор Абу-Дабуде өтетін турнирде жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді.</span>

<span>— Өткен аптада Макгрегормен жолықтық. Ол UFC-ге қайтып оралғысы келеді. Әзірге қыркүйектегі турнирдің барысын қадағалап отыр. </span>

<span>Қыркүйекте Нурмагомедов пен Порье жекпе-жек өткізеді. Бірақ біздің бизнесте жағдайдың күрт өзгеріп кететінін жақсы білесіздер. Сол себепті Конор күзде Порьенің орнына шығып қалуы мүмкін», — деді UFC президенті.</span>

<span>Айта кетейік, Конор Макгрегор соңғы рет сегізбұрышта өткен жылдың қазан айында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде ирландиялық спортшы ресейлік Хабиб Нурмагомедовке есе жіберген еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или