Баскетболдан 2021 жылғы Азия Кубогының жарыс кестесі
Халықаралық баскетбол федерациясы 2021 жылы алғаш рет өтетін Азия кубогіне іріктеу кезеңінің жарыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айта кетелік, 8 маусым күні өткен жеребе тарту рәсімінде Қазақстан командасы Иордания, Шри-Ланка және Палестинамен бір топқа түскен болатын.

Жарыс кестесіне сәйкес, 21 ақпан күні біздің команда Палестинаға қарсы ойнаса, 24 ақпан күні Иорданиямен матч өткізеді. Екі кездесу де елімізде ұйымдастырылмақ.

Ал екінші кезең матчтары сырт алаңда өтеді. 2020 жылдың 26 қарашасында Қазақстан Шри-Ланкамен кездессе, 29 қарашада Палестинаға қарсы ойнайды.

2021 жылдың 19 ақпанында сырт алаңда Иорданияға қарсы матч өтеді. Ал 22 ақпан күні өтетін соңғы матчта Қазақстан Шри-Ланканы қабылдайды.