UFC президенті: Макгрегор Нурмагомедов немесе Порьені алмастыруы мүмкін
UFC президенті Дэйна Уайт ұйымның экс-чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегордың 7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін турнирге қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Еске сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Дастин Порье кездеседі.
«Біз Макгрегормен өткен аптада кездестік. Ол UFC-ге қайтып оралғысы келеді, не болып жатқанын және қыркүйек айындағы жекпе-жектердің қалай өтетінін бақылап жүр. Нурмагомедов пен Порьенің қыркүйек айында кездесетіні бәріңізге белгілі. Сондай-ақ сіздер біздің бизнесте неше түрлі жағдайлардың да болатынынан хабардарсыздар. Сондықтан Конор өзінің шығуға мүмкіндігі болатынына үміттеніп жүр.
Макгрегор Нурмагомедовтан жеңілгеннен бері, 2018 жылдың қазан айынан бастап, октагонға шыққан жоқ.