Дамир Исмагулов пен Зубайра Тухугов Таиландта кездесті
Әлеуметтік желілде ресейлік аралас жекпе-жек шебері Зубайра Тухугов пен этникалық қазақ Дамир Исмағуловтың бірге түскен суреті жарияланды, деп жазады Prosports.kz.
Қос спортшының кездесіп, бірге жаттығу өткізгенін айғақтайтын фотосурет муайтай клубтарының бірінде түсірілген. Ресейлік ТАСС ақпараттық агенттігінің журналисті Игорь Лазорин Instagram stories-інде фото жариялап, «Ешқандай жекпе-жек болмайды, бірақ спарринг жасауға болады», - деп жазды.
Көп ұзамай Дамирдің өзі Instagram-да Зубайрамен бірге түскен фотосуретін жариялады. Әрі «Таңертеңгілік жаттығудан кейін! Зубайраға Абу-Дабидегі турнирде және жалпы спорттық мансабында сәттілік тілеймін», - деп жазды.
Айта кетейік, 30 маусымда Дамир Исмагулов Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінде Зубайра Тухуговпен жекпе-жек өткізетін болған. Алайда кейінірек Тухугов бұл кездесуден бас тартты.

Дамир Исмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды