«Барыс» ойыншылары өзара жолдастық матч өткізді
«Барыс» ойыншылары жаттығу жиынының бірінші циклін команда ішіндегі кездесумен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 3:2 есебімен «ақ жейделілердің» жеңісімен аяқталды. «Ақтар» командасынан Дастин Бойд, Адам Хелука және Никита Михайлис шайба соқты. Ал «көк киімділер» сапынан Корбэн Найт пен Антон Сагадеев көзге түсті.

Буллиттер сериясында да ақ жейделілер жеңіске жетті. Адам Хелука, Егор Петухов және Виктор Сведберг мүмкіндіктерінен мүлт кеткен жоқ.
«Көктердің» құрамы:

Пакаринен — Найт — Шевченко, Диц — Семёнов;
Муратов — Сагадеев — Акользин, Блэкер — Метальников;
Панюков — Преснов — Евдокимов, Бухряков — Клещенко;
Қақпашы: Паскуале.

«Ақтардың» құрамы:

Михайлис — Бойд — Хелука, Сведберг — Маклюков;
Петухов — Гурков — Некряч, Орехов — Шалапов;
Рунов — Гурин — Мусоров, Данияр См. — Полохов;
Қақпашы: Кудрявцев.

Дүйсенбіден бастап команда 7-11 тамыз аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін жаңа маусымдағы алғашқы турнир - Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына дайындалады.