Қапшағайда халықаралық турнир өтті

14 шілде күні Қапшағай қаласында «Arystan FC» кәсіпқой клубының ұйымдастыруымен ережесіз жекпе-жектен халықаралық турнир өтті, деп жазады Prosports.кz.
Турнирде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елінен жиналған ережесіз жекпе-жек шеберлері бақ сынады.
Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде Алматы облысы «Aibyn» клубының намысын қорғайтын Ерсін Нұрдын өнер көрсетті. Ол қарағандылық файтер Гусев Федормен «Arystan FС» чемпиондық белдігін сарапқа салды.
71 келі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек толық үш раундқа жалғасып, алматылық спортшының айқын жеңісімен (3:0) аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или