Дамир Исмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды
Ресейлік жекпе-жек шебері, этникалық қазақ Дамир Исмағұловтың (18-2) Қытайда өтетін турнирдегі қарсыласы анықталды.
Mma_f1ghters_kz инстаграм-аккаунтының хабарлауынша, файтер 31 тамызда Шэньчжэндегі (Қытай) UFC Fight Night 157 турниріне қатысады. Оның қарсыласы бразилиялық боксшы Тиаго Мойзес (12-3) болмақ.
Осыған дейін, Дамирдің менеджері Саят Әбдірахманов, жекпе-жек шеберінің Фрэнк Камачоға қарсы октогонға шығу мүмкін екенін мәлім еткен болатын.
Орынбордың тумасы Исмағұлов UFC-деі дебютін 2018 жылы жасады. Осыған дейін екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или