Ең қорқынышты раунд

Ең қорқынышты раунд

Кеше ғана спорт әлеміне суық хабар тарады. Ресейлік боксшы Максим Дадашев 11 раундтық жекпе-жектің нәтижесінде миына ауыр зақым келіп, ауруханада қаза тапты. Prosports.kz тілшісі 28 жаста дүниеден озған боксшының қазасына көңіл айта отырып, бокстағы ең қорқынышты раундты еске түсіріп көрмек. Әрине, спортшының өліміне алып келген раундтың бәрі де қорқынышты, дегенмен дәл осы жекпе-жектен кейін АҚШ-та он жылға бокс көгілдір экраннан жоғалған болатын. 

1962 жылдың наурызында кубалық Бенни Парет пен америкалық Эмиль Гриффит NBA (қазігі Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы) жүлдесіне таласта шаршы алаңда қолғап түйістіреді. Екі боксшының да бокста дәурені жүріп тұрған кез еді. Парет - жартылай орта салмақта әлем чемпионы. Гриффит те үздік болған. Қайғылы аяқталған жекпе-жекке дейін екі боксшы екі мәрте кездесіп, жеңістермен алмасқан. 

Үшінші жекпе-жек шын мықтының кім екенін анықтайтын кездесу болуы тиіс еді. Екеуі де бір-біріне ауыр сөздер айтып, балағаттады. Қалыпты жағдай. Бірақ бір-біріне деген өшпенділік өлімге әкеп соғады деп ешкім ойламаған еді. 

Алғашқы алты раундтан кейін басымдық толықтай Гриффитстің қолына өтті. Парет бірнеше ауыр соққы өткізіп алады. 12-раундта бір шабуылдың кезінде америкалық боксшы қарсыласына 29 соққы бағыттайды. Төреші жекпе-жекті тоқтатқан кезде, Парет ес-түсін білмейтін еді. Бірден ауруханаға жөнелтілген. Кейін белгілі болғандай, 10 күн бойы жан сақтау бөлімінде беті бері қарамай, бақилық болады. 

<span>Madison Square Garden-дағы бокс кешін тікелей эфирде құрама штаттардағы ең алып телеарна ABC таратқан болатын. Миллиондаған адам рингтегі қатыгездіктің куәсі болды. Эфир барысында жекпе-жектің соңғы секундтарын бірнеше рет қайталап, бүкіл елдің наразалығын туғызды. Нәтижесінде ешбір телеарна он жыл ішінде боксты тікелей эфирде көрсеткен жоқ. Шектеу қойылды. </span>

Бүкіл қоғам Гриффитске лағынет айтты. Эмильдің өзі:

Өмір қызық қой. Әуелі, рингте сұлқ түсіп жатқанын қаладым. Кейін, оның денсаулығы үшін жаратқанға жалбарындым. Бәрі күрт өзгерді. Күндіз өткен-кеткен адамдардың бәрі қарғап-сілеп бетіме түкірді. Түнде жан азабы тыныштық бермеді.

2005 жылы <span>«Рингтегі өрт: Эмиль Гриффиттің оқиғасы» атты </span>деректі фильм шықты. Фильмнің соңғы жағында Гриффит Пареттің ұлымен кездесіп, кешірімін алады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или