Дамир Рыспаев тағы төбелес шығарды
Маусым алды дайындық аясында өткен жолдастық кездесуде елордалық «Номад» қарағандылық «Сарыарқаны» сырт алаңда жеңді, деп жазады Prosports.kz.
«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Номад» (Астана) 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)
0:1 - Преснов (Яковлев, Александров) - 09:48
1:1 - Зеленков (Севанькаев) - 40:27
1:2 - Мишкин (Данияр Сн., Гатиятов) - 50:54
Бір қызығы, матч жеңімпазы анық болса да, жолдастық кездесу болғандықтан командалар буллит сериясын өткізді. Бұл сында алаң иелерінің жолы болды.
Бұл ойынның бар қызғы бұл ғана емес еді. Матч барысында «Номад» қорғаушысы Дамир Рыспаев «Сарыарқа» шабуылшысы Владислав Никулинмен төбелесті.
Бұрыннан тентек мінезімен танымал хоккейші қарсыласын бір соққымен мұз айдынына құлатып түсірді.
Естеріңізде болса, Рыспаев елордалық «Барыс» сапында талай төбелестің "көрігін қыздырған" болатын.