«Арлан» жаңа маусымға дайындықты бастады

«Арлан» жаңа маусымға дайындықты бастады

Көкшетаулық «Арлан» хоккей клубы демалысын аяқтап, 2019/2020 жылғы маусымға дайындықты бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше, 16 шілдеде ойыншылар медициналық тексеруден өтті. Осыдан кейін команда мүшелері киім ауыстыратын бөлмеге жиналып, жаңа маусымға дайындық жоспары талқылады.

Команда 16-20 шілде аралығында Көкшетауда алғашқы жаттығу жиынын өткізеді. 

Ал 21 шілдеде команда Чехияның Брно қаласына аттанып, маусым алды оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или