Дамир Смағұлов Орынборда жекпе-жек өткізеді
Ресей намысын қорғайтын, бірақ шыққан тегі қазақ, UFC компаниясының қатарын толықтырып жүрген Дамир Смағұлов M-1 Challenge 104 турниріне қатысады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл ақпаратпен орынборлық «Клуб Боец» порталы бөлісіп отыр. Мәліметтерге сүйенсек, Дамир қараша айында Мәскеуде өтетін UFC жарысын күтпей, 30 тамыз күні Орынборда өтетін турнирге қатысуды шешкен екен.
- Ұзақ уақытқа созылған үш жақтың: «Боец» клубы, UFC ұйымы және M-1 Global халықаралық компаниясының келіссөзінен кейін, Исмағұловты Орынбор қаласында жекпе-жек өткізуін сұрап алдық. Сондықтан, Дамир 30 тамыз күні СКК «Оренбуржье» аренасына қайта оралады.
Турнирде ресейлік жекпе-жек шеберлері шетелдік спортшыларға қарсы сынға түседі.
Айта кетейік, Дамир Исмағұлов ережесіз жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-дің қол астындағы алғашқы кездесуін желтоқсан айында австралиялық Алекс Горджеске қарсы өткізіп жеңіске жеткен болатын. Ал, ақпан айында тағы да октогонға шығып, қазақ жігіті испаниялық Хоэль Альварестен басым түскен еді.