ММА

Тайсон: МакГрегор ешқашан Хабибті жеңе алмайды

Тайсон: МакГрегор ешқашан Хабибті жеңе алмайды
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы Майк Тайсон ирландиялық файтер Конор Макгрегор ешқашан Хабиб Нурмагомедовті жеңе алмайды деп санайды.

«МакГрегор, сөз жоқ, маркетингтің данышпаны! Хабиб екеуі төбелесті, алайда ресейлік жеңіске жетті. Енді олар қайта кездеспекші. Жұрт олардың жекпе-жегін тағатсыздана күтуде. Алайда, МакГрегор Хабибті жеңе алмайды, ешқашан да! Әлем олардың кездесуін көру үшін ақша жұмсауға да дайын. Хабиб өзімен тең файтермен кездессе, аз қаржы алады.

Сондықтан да неге Конормен жекпе-жек өткізбеске?! 10 рет кездессін, жұрт 10 рет ақша төлеуге дайын. Қазір бәрі - маркетингтің құлы. Ал МакГрегор болса, маркетингтің данышпаны. Ол қасиетін одан тартып ала алмайсың », — дейді Майк Тайсон Low Kick MMA порталына берген сұқбатында.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер