Бокс

Головкин кіммен қолғап түйістіруі мүмкін

Головкин кіммен қолғап түйістіруі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің болашақ қарсыласының кім болатыны әлі белгісіз.

Қазіргі уақытта GGG күзде шаршы алаңға оралатынын білеміз. Жекпе-жек қыркүйектің басына жоспарланған болатын, алайда қазақстандық боксшы қазан айында кездесу өткізеді.

Головкин келесі қарсыласына қатысты әзірге нақты деректер жоқ. Егер қауесетке сенер болсақ, Геннадий Канелоға қарсы үшінші жекпе-жекм жөнінде Golden Boy Promotions-пен келіссөз жүргізіп жатыр.

Алайда GGG-дің алғашқы екі кездесу өткен Лас-Вегаста жұдырықтасқысы келмейтіні сәл қиындық туғызып отыр. Ал Альварес болса, трилогияны дәл сол жерде аяқтауды талап етті. Бұл Головкин үшін де, DAZN стриминг сервисі үшін де көптен күткен жекпе-жек болмақ.

DAZN-мен келісімшарт: «Канело» мен GGG қанша табыс табады?

Оның үстіне, Геннадий Головкин де және оның промоутері Том Леффлер де аталмыш сервиспен Канеломен үшінші жекпе-жек өткізу үшін келісімшарт жасасқанын айтқан болатын. Шындығында, басқа жағдайда трилогия өтпейтін еді...

Головкинге ықтимал тағы бір қарсылас бар. Ол — жақында WBO чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған Деметриус Андраде. Бірақ америкалық боксшы Сауль Альвареспен кездесдескісі келеді екен. DAZN да миллиондаған көрермен күтіп отырған Андраде мен Канелоның жекпе-жегін ұйымдастыруға кетәрі емес.

GGG үшін үшінші нұсқа - Сергей Деревянченко. Егер, Альварес міндетті қарсыласпен жұдырықтасудан бас тартса, бұл жекпе-жек GGG үшін IBF белбеуін сарапқа салар кездесу болуы да мүмкін. Естеріңізде болса, 2018 жылы Головкин міндетті қарсыласы Сергей Деревянченкомен кездеспегені үшін IBF белбеуінен айырылған болатын.

Джейкобс, Мунгуйя және Смит

Егер Головкин Канело немесе Андрадемен келісімге келе алмаса, онда Геннадий басқа дивизиондардан қарсылас іздеуі мүмкін. Сондай-ақ жерлесіміз Дэниел Джейкобспен қайта кездесуі әбден мүмкін. Алайда, бұл жекпе-жек америкалық боксшының мүддесі үшін болмақ.

Белгілі сарапшы: Альвареске GGG-мен қайта кездесудің қажеті жоқ

Геннадийге қарсылас мексикалық Хайме Мунгуйя болуы мүмкін. Өткен жылы GGG Мунгуйямен жұдырықтасуы керек болатын. Алайда, ол кезде атлетикалық комиссия оны қарсылас ретінде мақұлдамай, нәтижесінде қазақстандық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасуға тура келді.

Комиссияның Мунгуйя мен Головкин жекпе-жегінің өтуін мақұлдамауы мексикалық боксшыға тек пайда әкелді. Садам Алимен кездескен ол бірінші орта салмақта WBO чемпионы атанды. Қазір Мунгуя өз салмағындағы көшбасшылардың бірі.

Сондай-ақ британиялық Каллум Смит үшін Головкинмен кездесуге тамаша мүмкіндік туып тұр. Бірақ бұл жекпе-жектің өтуі екіталай, өйткені Каллум Канеломен жұдырықтасуды қалайды. Айта кету керек, Смит Головкинге де қызық емес.

Дәл қазір көп нәрсе Головкин мен Канелоның келіссөздеріне байланысты болмақ. Тек төзімділік таныта білуіміз керек...

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер