Головкинге Джейкобспен реванш өткізу ұсынылды

Boxingnews24.com порталының журналисі Марк Айснердің пікірінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Дэниэл Джейкобспен реванш өткізуге қарсы емес, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>«Головкин, шамасы, суперорта салмаққа көтеріліп, DAZN аясында Джейкобспен реваншта кездесуге қарсы емес. Олардың 2017 жылғы жекп-жегі жақын өткен – боксшыларды аз ғана нәрсе айырған еді. Головкин жеңіске жетті, бірақ жеңіс кез келген тарапқа кетіп қалуы мүмкін болатын. Джейкобстың нәтижеге көңілі толмады, фанаттары да оның жеңгеніне сенімді. Жекпе-жек жақын өткені жақсы болды, себебі ол бір тарапта ғана болса, көрермендерді реванш қызықтырмас еді», - деп жазды автор. </span>
<span>Естеріңізге салсақ, Головкин мен Джейкобс 2017 жылы наурызда Нью-Йоркте жұдырықтасқан еді. Қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын.</span>