Бокс

«Олимпиада әділетсіздігінің құрбаны». GGG-ді жекпе-жекке шақырған кім?

«Олимпиада әділетсіздігінің құрбаны». GGG-ді жекпе-жекке шақырған кім?
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық боксшы Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) поляк Мацей Сулецкиге қарсы жекпе-жек өткізіп, WBO чемпионы титулын екінші рет қорғап қалған болатын.

Ендігі кезекте «Бу-Будың» (Андраденің лақап аты) Сауль Альварес пен Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізбек ойы бар.

«Канело» қайда? GGG қайда? Мен кезекті рет он екі раундтық керемет бокс көрсеттім. Сулецки - бұл Роллс та, Филдинг те емес. «Канело», айқас ұйымдастырайық!» - деді Андраде.

Головкин Андрадемен кездесуі керек болған, алайда қазақстандық боксшы өзіне әлсіз қарсылас Стив Роллсты лайық көрді.

Canelo - GGG III жекпе-жегі болу-болмауы әзірге белгісіз. Екі тарап бірқатар келіссімге келе алмай отыр. Қазақстандық боксшы қыркүйекте дәл осы Деметриус Андрадемен айқасқа түсуі мүмкін. Ендеше, жерлесіміздің ықтимал қарсыласы туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

«Әуесқой бокстан кәсіпқойға дейін»

Деметриус Андраде АҚШ-тың Род-Айленд штатының Провиденс қаласында дүниеге келген. Ол көптеген кәсіпқойлар сияқты өзінің мансабын әуесқойдан бастады. Боксшы жақсы нәтиже көрсетті - 2007 жылы Чикагода әлем чемпионы, Панамерикалық ойындардың күміс жүлдегері, сондай-ақ өз елінің екі дүркін чемпионы (2005, 2006) және «Алтын қолғап» (2005, 2006) турнирінің жеңімпазы атанған.

Пекинде өткен Олимпиадада ол өзінің салмақ санатында (Кит Турманды өз елінде соққыға жығып, оны Олимпиадаға қатысу құқығынан айырды) үздік атанды. Алайда ширек финалда кәріс боксшысы Ким Джун Джодан күтпеген жерден жеңіліп қалды. Бұған төрешінің кінәсі де бар.

Осыдан кейін Андреда кәсіпқой боксқа ауысуды жөн деп шешті. Деметриус ұзақ уақыт бойы бірінші орта салмақта шайқасты. 11 жыл мансабында рекорды 28-0 болды.

2017 жылдан бастап америкалық орта салмақ дәрежесіне ауысты. 2018 жылы «Бу Бу» WBO чемпионы британ Билл Джо Сондерспен күш сынасу керек болатын. Алайда британиялықтың қанынан допинг табылып, WBO бос белдеуі бойынша чемпиондық жекпе-жекте Андраде африкалық Уолтер Каутондокваға қарсы сынға түсті. Қиын шайқаста тәжірибелі Деметриус ұпай санымен қарсыласынан басым болған.

Өткен жылы «Бу-бу» Эдди Хирннің компаниясы Matchroom Boxing USA-мен келісімшартқа қол қойды. Қазіргі таңда ол Головкин мен Альварес секілді DAZN стримингтік сервисінде өнер көрсетеді.

Андраде үшін көптеген есіктер ашық - оған Канелоның белбеулерін тартып алуға немесе өзінен қашып жүрген Геннадий Головкинмен күш сынасуға болады. Деметриус әлем чемпионы атанса да, қыруар қаржыға кенелмеген. Ендеше уақыт келді!

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер