Бокс

GGG — «Канело» III жекпе-жегі осы жылы өтпейді

GGG — «Канело» III жекпе-жегі осы жылы өтпейді
news-banner7
mobile-news-top

The Ring және FOX Sports инсайдері Майк Коппинджер мексикалық Сауль «Канело» Альварестің қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі болмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Боб Арумнан хабар алған Коппинджер Альварестің тізе жарақатынан өзін жайсыз сезініп жүргенін жеткізді. Осыған байланысты қыркүйекте жекпе-жек өткізуге тиісті болған «Канело» кездесуді басқа уақытқа шегеруі мүмкін.

Шетелдік БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, мексикалық боксшы басты қарсыласы Геннадий Головкинмен үшінші рет жұдырықтасудан бас тартып, орнына Сергей Ковалевпен күш сынасуды жөн көрген екен.

«Головкин - Андраде: Қызықты жекпе-жек болар еді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер