«Головкин - Андраде: Қызықты жекпе-жек болар еді»

«Головкин - Андраде: Қызықты жекпе-жек болар еді»

Badlefthook.com порталы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Головкин қазір 37 жаста. Әрі бұрынғыдай теңдессіз боксшы емес. Сондықтан бұл жекпе-жек ол үшін оңай болмасы сөзсіз. Андраденің бокс стилі мен мәнері қазақстандық үшін "бас ауыру" болуы мүмкін. Бірақ, Деметриус үшін де бұл қарапайым кездесу емес. Мүмкін мансабындағы ең қиын жекпе-жек болатын шығар. Бұл Андраде үшін мықты қарсыласпен кездесетін жақсы мүмкіндік. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек өте қызықты өтер еді», - деп жазады БАҚ.

Естеріңізге сала кетейік, 30 маусымда Андраде екінші мәрте WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап, Головкин мен «Канелоны» жекпе-жекке шақырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или