Титулын қорғаған чемпион Головкинді жекпе-жекке шақырды
Америкалық боксшы Деметриус Андраде Сауль Альварес пен Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«Канело» қайда? GGG қайда? Мен кезекті рет он екі раундтық керемет бокс көрсеттім. Сулецки - бұл Роллс та, Филдинг те емес. «Канело», айқас ұйымдастырайық!» - деді Андраде.
Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) поляк Мацей Сулецкиге қарсы жекпе-жек өткізді. Боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасып, үш төреші де жеңісті Андрадеге берді. Осылайша, америкалық боксшы өз титулын екінші рет қорғап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или