Арман Әшімов титулды жекпе-жек өткізетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Арман Әшімов титулды жекпе-жек өткізетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстандық файтер Арман Әшімов M-1 Challenge 103 турнирінде титулды жекпе-жек өткізетіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұған дейін M-1 Global компаниясының баспасөз қызметі ұйымның аса салмақтағы чемпионы Александр Доскальчук жаттығуда жарақаттанып, Крис Келадеске қарсы шыға алмайтынын хабарлаған.

Арман Әшімов оның орнына жекпе-жек өткізеді деген ақпарат тараған еді. Бірақ қазақстандық файтер өзінің Instagram-парақшасында бұл ақпаратты жоққы шғарды.

«Бүгін мен жекпе-жек өткізеді деген ақпарат шығып жатыр. Бұл өтірік әңгіме. Өсекке сенудің қажеті жоқ деп ойлаймын! Мен өзімнің кезекті демалысымда жүрмін. Қандай да бір жаңалық болып жатса, өзім айтамын», - деп жазды спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или