Әлімханұлы: Көп соққы емес, дөп соққы жақсы

Әлімханұлы: Көп соққы емес, дөп соққы жақсы

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаттығудағы соққыларын көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Көп соққы емес, дөп соққы жақсы. Бірақ дөп соққы көп соққының ішінде жатыр. Қазақ стилін шыңдап жатырмыз!», - деп жазды боксшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін тамызда жұдырықтасатынын хабарлаған еді. қарсыласы бокс әлеміндегі топ-15 боксшы тізімінен болады деп үміттенетінін де айтқан болатын. 

Қазақстандық боксшының соңғы жекпе-жегі 12 сәуірде мексикалық Кристиан Оливасқа қарсы өтіп, Жәнібек орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global чемпионы атанған еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или