Бокс

Әлімханұлы тамыз айында шаршы алаңға шығады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) кезекті жекпе-жегін тамыз айына жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы тобының Instagram парақшасында боксшының тамыз айында жекпе-жек өткізетіні жазылды.

Головкиннің салмағында жұдырықтасатын отандасымыз WBС тұжырымы бойыншаәлемнің ең үздік 15 боксшысының қатарына қосылған болатын. Ал оның алдында WBО рейтингінде ТОП-15-ке енген еді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы Лос-Анджелес қаласында өткізген жекпе-жегінде мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерін иеленген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер