«Ақтөбе» қазақстандық шабуылшымен келісімшартқа отырды
Қазақстандық шабуылшы Алексей Анциферов «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы хоккейші Новосибирск мектебінің түлегі. 2012 жылдан бастап Қазақстанда ойнайды. <span>«Снежные Барсы», «Барыс», «Номад» және «Бейбарс» клубтарында өнер көрсеткен. </span>
Қазақстан құрамасының сапында 2015 және 2017 жылғы қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, өткен маусымда Алексей көкшетаулық <span>«Арлан» </span>құрамында 23 ойынға қатысып 5 (1+4) ұпай жинаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или