Хабиб Нурмагомедов: Сент-Пьермен жекпе-жек өткізгім келеді
Жеңіл салмақта (70 келі) UFC чемпионы Хабиб Нұрмағомедов Жорж Сент-Пьер екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпионға қарсы жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
"Әрине, Сен-Пьер жекпе-жегін өткізгім келеді. Жорж октагонға шығудан мәңгілікке бас тартататындай соншалықты кәрі емес. Дегенмен, жасы 38-ге келді. Ол аңыз және UFC-да екі дивизионның чемпионы. ММА тарихындағы ең үздіктердің бірі", - деді Нурмагомедов ESPN-ға берген сұхбатында.
Айта кетейік, 7 қыркүйек күні UFC 242 турнирінде Ресей спортшысы жеңіл салмақтағы уақытша чемпион Дастин Порье қарсы жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или