Жеңіл атлетика

Михаил Литвин - Универсиада ойындарының күміс жүлдегері

Михаил Литвин - Универсиада ойындарының күміс жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық желаяқ Михаил Литвин Италияның Непаоль қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Prosports.kz.

Отандасымыз 400 метрге жүгіруден жақсы нәтижеге қол жеткізді. Литвин аталған қашықтықты 45.77 секундта жүгіріп өтті. Бұл сында бас бәйгеге Мексика спортшысы Валенте Мендос (45.53) ие болды. Ал қола медаль Оңтүстік Африка желаяғы Гардел Эдвард Исакске (45.89) бұйырды.

Айта кетейік, бұл қазақстандық спортшылардың осы кезекті Универсиада ойындарында қол жеткізген алтыншы жүлдесі. Бұның біреуі алтын, төртеуі күміс, тағы біреуі қола медаль.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер