Қанат Ислам: Өмірде ештеңе оңайлықпен келмейді

 Қанат Ислам: Өмірде ештеңе оңайлықпен келмейді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам, 5 шілде күні Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешіне дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

 «Қолдауға келген барлық адамдарға алғыс айтқым келеді. Мен жастарға сенемін. Әрқайсысымыз өз жұмысымызда бар күшімізді салсақ қана, рухы биік елге айналамыз. Өзімне артылған сенімді ақтауға барынша тырысамын. 

5 шілдеде әлемдегі ең қызықты бокс кеші болады деп үміттенемін. Бұл өмірде ештеңе оңайлықпен келмейді. Рингте қуаныш пен қайғы қатар жүреді. Мен бір жылдан астам уақыт еңбектендім, жарақаттан кейін қалпыма келуді ойладым.Мен бәріне дайынмын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Қарсыласым өте мықты. Көптеген жекпе-жек өткізді және маған қарағанда рекордтары да, нокауттары көп. Халқыма ұмтылмастай жеңіс сыйлағым келеді. Барлығы шаршы алаңда шешіледі» - деді Қанат Ислам. 

Айта кетейік, Қанат Ислам 5 шілде күні WBO Inter-Сontinental орташа салмақ дәрежесі үшін Хулио де Хесуспен жұдырықтасады.

 

Қытай мен Корея үшін жұдырықтасқан. Қанат Исламның өмірбаяны

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или