Бокс

WBO чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

WBO чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) қазақстан Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альваресті тағы да жекпе-жекке шақырды.

- «Канеломен» жұдырықтасқым келеді. Головкинмен де. Қазір басқа боксшылармен жекпе-жек өткізгім келмейді. Сіздер (журналистер мен БАҚ) маған көмек көрсетсеңіздер деймін. Менің Головкин және «Канеломен» жекпе-жек өткізгім келетінін барша әлемге жар салыңыздар. Басқа жекпе-жек туралы ойламаймын да, - деді Андраде.

Айта кетейік, өткен аптада америкалық боксшы поляк Мацей Сулецкимен 12 раунд бойы жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

«Олимпиада әділетсіздігінің құрбаны». GGG-ді жекпе-жекке шақырған кім?

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер