Евгений Егембердиев АСА компаниясымен жаңа келісімшартқа отырды
Қазақстандық аралас жекпе-жек щебері Евгений Егембердиев (10-0) ресейлік АСА компаниясымен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.
Жаңа келісімшарт бойынша файтер аталмыш ұйымда 4 жекпе-жек өткізеді.
<span>Қазақстандық файтер 31 тамызда Краснодарда жартылай ауыр салмақта (93 кг) АСА 91 турнирі аясында төбелеседі. Қарсыласы - Алексей Буторин (14-3).</span>
Еске салайық, 34 жастағы Егембердиев соңғы жекпе-жегінде ресейлік файтер, АСВ бұрынғы чемпионы Батраз Агнаевпен төбелесіп, екінші раундта қарсыласын құлатқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или