Исатай Теміров гонорарының жартысын Арыс тұрғындарына аудармақ
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Исатай Теміров жарылыс кезінде зардап шеккен және басқа жерге көшірілген Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсетті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы спортшының видео мәлімдемесі Instagram желісіндегі mma_territory_kz парақшасында жарияланды.
Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан M-1 Challenge 102 турнирінде канадалық Спенсер Джеббті жеңген Теміров жекпе-жектен алған гонорарының тең жартысын Арыстағы ағайынға аударатынын айтты.
«M-1 Global промоушенінен бүгінгі жекпе-жектен алатын гонорарымның жартысын Арыста жарылыстан жапа шеккен тұрғындарға аударуын сұраймын», - деді Теміров.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или