Қазақстан чемпионатында өзбекстандық команда өнер көрсетпек
Ташкенттік «Бинокор» командасы Қазақстан хоккей чемпионатының қатысушысы болуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Shaiba.kz басылымының жазуынша, «Бинокор» командасының алғашқы жаттығу жиыны 14 шілдеге жоспарланған. Барлық құқықтық мәселелер осы уақытқа дейін шешілуі тиіс.
Өзбекстандық команда қарағанды лық «Сарыарқа» және өскемендік «Торпедо» секілді жүйемен дамуды жоспарлап отырған көрінеді. Бірінші команда ЖХЛ-да, ал екінші команда Қазақстан чемпионатында бақ сынаса дейді.
Айта кетейік, 1970 және 1980 жылдары ташкенттік «Бинокор» деп аталатын команда КСРО чемпионатының бірінші және екінші лигаларында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или