Якименко өскемендік «Торпедодан» басқа «Торпедоға» ауысты
Қорғаушы Александр Якименко өскемендік «Торпедодан» Нижний Новгородтың «Торпедо-Горький» клубына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Өткен маусымда 22 жастағы хоккейші мәскеулік «Звездада» ойнаған. Бұл клубта 8 ойынға қатысты.
Кейін өскемендік «Торпедоның» жейдесін киіп, маусым соңына дейін 31 ойынға шықты. Бұл кездесулерде ол 8 (1+7) ұпай жинаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или