UFC Президенті Конорға: Төбелес, не болмаса кет!
UFC президенті Дана Уайт ирландиялық файтер Конор МакГрегорға шарт қойды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span><span>сайты.</span>
«Иә, біз Конормен өте жақсы қарым-қатынастамыз, алайда әр нәрсенің өз шегі бар. Оған таңдау жасау қажет. Төбелесу керек не болмаса промоушеннен кету керек.
Ол бүгін жекпе-жек өткізуге құлшынып тұрса, ертең айнып қалуы мүмкін. Осылай жалғаса берсе, оған кету керек болады», — деді Уайт Las Vegas Review-Journal-ға берген сұқбатында.
Айта кетейік, UFC ұйымы Конор Макгрегорге 6 не 27 шілде күні жекпе-жек өткізуге тырысқан. Алайда ESPN арнасымен келісімшартқа отырғаннан соң келіссөздер тоқтап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или