ММА

Уайт: Конор Хабибті жеңетініне 100% сенімді

news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дэйна Уайттың пікірінше, ирландиялық Конор Макгрегор ұйым чемпионы Хабиб Нурмагмоедовты жеңе алатынына сенімді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Конор Хабибті жеңе алатынына 100% сенімді. Ол реваншты қалап жүр және оған лайықтымын деп санайды. Бірақ басқа жекпе-жектердің қалай өтетінін қарау қажет. Осы демалыста Фергюсон мен Серроне күш сынасады. Кейін қыркүйекте Хабиб пен Порье кездеседі. Кейін көре жатармыз», - деді Уайт.

Естеріңізге салсақ, Макгрегор былтыр Нурмагомедовтен ұтылып қалған болатын. Ол төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер