UFC-ге алғаш қатысқан қазақ әділетсіз жеңіліске ұшырады

UFC-ге алғаш қатысқан қазақ әділетсіз жеңіліске ұшырады

Аралас жекпе-жектен Қытайдың бірнеше дүркін чемпионы Жұмабек Тұрсын Қазақстан азаматтығын алған соң алғаш рет Бейжіңдегі «Kunlun Fight» аренасына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық спортшы бүкіл жекпе-жек барысында Яо Хунганнан басым түскені көрініп-ақ тұрды. Бірақ соған қарамастан үшінші раундта Жұмабектің аяғы тайып кеткенін төрешілердің бірі нокдаунға бағалады. Сөйтіп, жалпы 29:28, 29:28, 28-30 есебінде Жұмабекке жеңіліс жазылды.  

«Мен айқас нәтижелерімен келіспеймін, әділетсіздік болды. Оны аренада да айтып едім», - дейді Жұмабек Тұрсын «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.

Аренаға келгендер, ММА спортшылары үшінші төрешінің әлгі шешіміне аң-таң болысты. Төрешілердің әділетсіздігі тіпті Қытайдағы интернет қолданушыларының арасында да наразылық тудырды. 

Еске сала кетейік, 10 жыл бұрын Жұмабек Яо Хунганды екі рет жеңіп, Қытайдың чемпионы болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или