Жанқош Тұраров аргентиналық боксшымен қолғап түйістіреді

Жанқош Тұраров аргентиналық боксшымен қолғап түйістіреді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жектегі қарсыласы анықталды.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров 6-шы шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде аргентиналық Мауро Годоеға (31-4-1, 16КО) қарсы жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Жанқош Тұраров (23-0, 16 КО) соңғы жекпе-жегінде ганалық Ричмонд Джарбенгті (29-3-1, 23 КО) жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или