Бокс

Кардиффте Тұраров пен Зәуірбек жеңіске жетті

Кардиффте Тұраров пен Зәуірбек жеңіске жетті
news-banner7
mobile-news-top

Кардиффте өткен кеште қазақстандық екі боксшы жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Сұлтан Зәуірбек бұл кеште Серхио Гонсалеспен жұдырықтасқан. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жектің бітуіне 16 секунд қалғанда төреші кездесуді тоқтатып, жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Осылайша, Зәуірбек техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Енді 23 жастағы Сұлтанның еншісінде жеті жеңіс бар. Оның бесеуі – нокаутпен. Боксшы қарсыластарының бәрін ұтып шықты.

Артынша, рингке Жанқош Тұраров шыққан. Ол ганалық Ричмонд Джарбенгпен қолғап түйістірді. Жоспарланған сегіз раундтың екеуі ғана өтті. Екінші раундтан соң африкалық боксшы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осы жекпе-жектен соң Жанқош Тұраровтың еншісінде 23 жеңіс бар. 16 рет кездесуді мерзімінен бұрын тәмамдаған. Жанқош та жеңіліс дәмін татпай келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер