Қазақстандық файтер UFC-ге ауысуға жақын

Қазақстандық файтер UFC-ге ауысуға жақын

Жартылай орта салмақта М-1 Global чемпионы Шавкат Рахмонов UFC-ге ауысуы жайлы қауесетті растады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«UFC-ден ұсыныс түсті. Өкінішке қарай, ол кезде М-1 Global титулды жекпе-жегіне дайындалып жатқан едім. Ол үшін төрт жыл жұмыс істегенмін, сондықтан бас тарту дұрыс болмады. Келісімшарт бойынша титулымды кем дегенде бір рет қорғап, кейін UFC-ге ауыса аламын», - деді Рахмонов.

24 жастағы қазақстандық файтер ММА-да 11 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или